ҚР азаматтығын алуға 64 ресейлік өтініш білдірді

2786
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/admin_2020_02_07_gra.jpg
64 ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Бұл жайлы үкімет басшысы Әлихан Смаиловтың миграцияға қатысты жүргізген отырысында айтылды. 21-28 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясынан біздің аймаққа өткендер саны 3 есе артқан. Жиырма тоғызыншы қыркүйектен бастап қашқындар қарқыны саябырси бастаған.  29 қыркүйек күні келгендер саны 22,5 мың, шыққандар саны - 10,1 мың болса, 30 қыркүйекте 14,9 мың адам елге келіп, елден 11,6 мың адам кеткен. Қазір тұрғылықты мекенжай үшін өтініш білдіргендердің саны -  382, ал ҚР азаматтығын алуға ықылас танытытқандар cаны - 64. Қазақстандықтар жүк көліктерін шекардан қиындықсыз өткізуі үшін кеден жанынан қосымша жасыл дәліздер құрылуда. Үкімет басшысы тіркеуден өтпеген миграттанды анықтау үшін арнайы мобильді топ құрып, шекара бекеттерінің ауқымын кеңейтуді тапсырды.
Comments