Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы президенттікке өз кандидатын ұсынды. Кандидат елордадағы ЖСДП филиалының басшысы Нұрлан Әуесбаев, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Нұрлан Әуесбаев 1957 жылы Түркістан облысында туған. Қазір Астана қаласының тұрғыны. Жоғары білімді, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Ұзақ уақыт жергілікті атқарушы органдарда жауапты қызмет атқарған.
Еске сала кетейік, партия өз тарихында алғаш рет президенттік сайлауға қатысып отыр. Бұған дейін ЖСДП президент және парламент сайлауларына бойкот жариялап келген еді.
Related news
The President of the Czech Republic has granted permission for 60 citizens to join the Ukrainian military