Алматы облысында автожолдың бойында ер адамның мәйіті табылды

2374
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/2172974d-613c-44cb-8586-f09ce5b96ccb.jpeg
Алматы облысында автожолдың бойында ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
25 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының өлді ауылының маңындағы автожолдың бойында ер адамның мәйіті табылды.
Полиция қайтыс болу себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасын тағайындалды.
"Қазіргі уақытта мәйіттің кім екенін анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылдануда, – деді Алматы облысы полиция департаментінде.
Comments