Қасым-Жомарт Тоқаев ресейліктердің Қазақстан аумағына қарай ағылуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- Қазақта "Көршімен татудың көңілі тыныш" деген мақал бар. Ең бастысы, қазір біз көрші мемлекеттермен тіл табыса білуіміз керек. Бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Соңғы кездері біздің елге Ресей тұрғындары көптеп келуде. Келіп жатқандардың көбі елінен қысылтаяң шақта амалсыз кеткендер. Біз оларға қамқорлық танытып, қауіпсіздігін қорғауымыз керек. Мұның астарында саяси және гуманитарлық мән бар. Мен үкіметке тиісті шаралар қабылдауды тапсырдым, - деді Президент.
Related news
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis