Қостанай облысындағы шекарада мобилизациядан қашқан ресейліктер ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, Ресейдің мобилизациясынан қашқан екі адамды тұтқындады. Бірі шешен, енді бірі грузин қақтығысын өткерген.
Оқиға Қостанай облысы “Тобыл” шекара заставасында болған. Түрлеріне қарағанда, радикалды діни ағымды ұстанатын ер адамдар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қазақстан аумағына өтпек болған. Олардан пышақ пен балта тапты.
”Адырна” ұлттық порталы
Related news
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts
The first Inter-Parliamentary Forum of the Central Asian States is taking place in the city of Turkestan
