«Халық қатысатын бюджет» жобасы нәтиже беруде

2315
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/eae9d6ba-961a-46c6-809f-da60c72c1031.jpeg
Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында, тұрғындар ұсынысымен өткен жылы 41 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылды. Биыл ІІ кезеңмен 73 көпқабатты және жеке сектор бойынша 6 мекенжай абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы тұрғызылуда. Жобаға енген "Базарқақпа" тұрғын алабы, Ю.Сареми көшесінде орналасқан 7 көпқабатты үйдің ауласындағы жұмыстар барысымен танысуға М.Әйтенов арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Абаттандыру жұмыстарымен қоса балалар ойын және тренажер алаңшасы салынатын аула жұмыстары қараша айының соңына дейін толық аяқталатын болады.  
Comments