Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер, 240 миллиард теңгеден астам ақшалай қаражат мемлекетке қайтарылды.
Сатыбалдыға қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық
**Қытайдың Хэбэй провинциясындағы химиялық зауытта жарылыс болып, бес адам қаза тапты** **ХЭБЭЙ. 1 маусым. KAZINFORM** – Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясының Уи уезінде орналасқан химиялық зауытта жарылыс болып, бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Xinhua агенттігіне сілтеме жасап Report. Жарылыс 31 мамыр күні сағат 18:30 шамасында өндірістік цехтардың бірінде орын алған. Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс контейнерді тазалау кезінде болған. Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы екі жұмысшы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жараланғандардың жағдайы тұрақты екені хабарланды. Қазіргі таңда оқиға орнындағы құтқару жұмыстары аяқталды. Жарылыс себептері анықталу үстінде. Тергеу амалдары басталып кетті.
кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергелуде.
Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу белсенді түрде жалғасып жатыр.
Елде және шетелде қосымша жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден немесе 900 миллион АҚШ долларынан асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен ақша анықталды. Олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.
Related news

”Адырна” ұлттық порталы