Ұлттық спорттың намысын қорғап жүрген «Көкмойнақ» командасының шабандозы, «Ұлы дала жорығының» жеңімпазы Нұрсағын Тұқымбай бүгін №169 сайлау учаскесіне келіп, мәслихат сайлауында дауыс берді.
Ат үстінде аудан абыройын асқақтатып жүрген шабандоз бұл жолы ел өміріндегі маңызды науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірді.
Нұрсағын Тұқымбайдың айтуынша, ел тағдырына қатысты маңызды кезеңде әр азаматтың белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы маңызды.
«Ел болашағы – ортақ жауапкершілік. Сондықтан бүгінгі сайлаудан тыс қалмай, өз таңдауымды жасадым. Еліміз өркендеп, халқымыздың бірлігі нығая берсін!» – деді ол.
Айта кетейік, Нұрсағын Тұқымбай – ұлттық ат спортының дамуына үлес қосып, түрлі додаларда Маңғыстау ауданының намысын қорғап жүрген спортшы. Бүгінгі сайлауға қатысуы да оның қоғамдық өмірге бейжай қарамайтынын көрсетті.
The Embassy of China in Kazakhstan celebrated the 74th anniversary of the founding of the Republic of China
