Ресей әскери ұшақтары Оңтүстік Кореяның әуе шекарасын бұзды

330
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WSmwWgkQxf3TpXNnig2fmdqvDp8MaEjnGiKtbUqg.jpg

Фото: ЖИ

Ресейдің бірнеше әскери ұшағы Жапон теңізі үстінде шекараны бұзған, деп хабарлайды "Адырна" DW-ға сілтеп.

Ұшақтардың Оңтүстік Кореяның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін сәйкестендіру аймағына қысқа уақытқа кірді. Осыған байланысты Сеул Ресейдің әскери атташесін шақырып, наразылық білдірмек.

Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары комитетінің мәліметінше, Ресейдің әскери ұшақтары 24 қараша күні таңертең Уллындо аралына жақын маңдағы KADIZ аймағына кіріп, кейін оны тастап кеткен. Осыдан кейін елдің әскери күштері шұғыл ескерту жариялаған.

Оңтүстік Корея әскери әуе күштері жойғыш ұшақтарын әуеге көтерген. Алайда ресейлік ұшақтар елдің әуе кеңістігін бұзбай, сәйкестендіру аймағынан шығып кеткен.

Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Кан Син Чхоль Ресей әскери авиациясының әрекетіне байланысты ресейлік әскери атташені шақырып, ресми наразылық білдіретінін айтты.

Comments