Фото: ЖИ
Қазақстанда келесі жылы «Қазақтелеком Aspan» брендімен спутниктік интернет қызметін іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Адырна".
Жоба Amazon LEO компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылады. Бұл туралы «Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин Үкімет отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, жобаны іске асыру үшін қазір үш жерүсті станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Алдағы бес жылда еліміздің шалғай аудандарындағы 120 мыңнан астам үйді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту көзделген. Бағдат Мусиннің сөзінше, жаңа қызметтің тарифтері осыған ұқсас ұсыныстардан төмен болады.
Жоба спутниктік интернет нарығында Starlink жүйесіне балама қызмет ұсынуға бағытталған.
Related news
