Фото: ЖИ
Қырғызстанда 2024 жылы Бішкек маңында болған әскери тікұшақ апатына байланысты әуе қорғанысы күштерінің бұрынғы қолбасшысы мен әуе базасының экс-командирі қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бішкектің Бірінші мамыр аудандық сотының қаулысымен бұрынғы екі әскери командир 2026 жылғы 19 желтоқсанға дейін қамауға алынған.
Оларға Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 401-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды. Аталған бап ұшу немесе оған дайындық қағидаларын бұзып, абайсызда аса ауыр зардаптарға әкеп соғу әрекетін қарастырады.
Еске салайық, 2024 жылғы 17 қаңтарда Бішкек маңындағы Фрунзе-1 авиациялық базасында оқу-жаттығу ұшуы кезінде Қырғызстан әуе қорғанысы күштерінің әскери тікұшағы апатқа ұшыраған. Салдарынан бір адам қаза тапқан.
