Wildberries компаниясының негізін қалаушы бас директор қызметінен кетті

124
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HDsLwThsp0SBRvoN2kan8jGqhvDhagLD4XnF54Gx.webp

Ресейлік кәсіпкер, Wildberries компаниясының негізін қалаушы Татьяна Ким бас директор қызметінен кетті, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл туралы Ресейдің заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміндегі мәліметте көрсетілген.

РБК басылымының хабарлауынша, 19 қарашадан бастап компанияның бас директоры қызметіне Алексей Куликов тағайындалған.

RWB компаниялар тобының баспасөз қызметі «Известия» басылымына берген түсініктемесінде басшылық құрамдағы өзгеріс Wildberries-тің күнделікті жұмысына әсер етпейтінін мәлімдеген. Ал Татьяна Ким компанияның стратегиялық дамуына жауапты болып қала береді.

DW басылымының мәліметінше, 16 қарашада Еуропалық одақ Татьяна Кимді санкциялық тізімге енгізген. ЕО өкілдері мұндай шешімді Wildberries компаниясының Ресейдегі ірі салық төлеушілердің бірі екенімен байланыстырған. Сондай-ақ компания Ресей қарулы күштерін жабдықтау жүйесіне қатысып, әскери және қос мақсатта пайдаланылатын тауарлардың сатылуына ықпал етеді деп айтқан.

Comments