Путин, Си Цзиньпин және Трамп үшжақты кездесу өткізді

153
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yeKG0ndovK7Y6xCmEq7jLx9z3zYCfNNJtb0vmDsr.webp

Фото: Кремль

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Путин, Си Цзиньпин мен Трамптың үшжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл – үш ел басшысының тарихтағы алғашқы бірлескен кездесуі.

Келіссөздер жергілікті уақыт бойынша 19 қараша, сағат 16:27-де басталып, шамамен бір жарым сағатқа созылды. Көшбасшылар кездесуді 17:57-де аяқтады (Астана уақытымен 13:27 - 14:27). Кездесу Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті аясында ұйымдастырылды.

Бұған дейін АТЭС экономикалары форумының Шэньчжэнь декларациясында Украинадағы қақтығысқа қатысты мәселелер қамтылмағаны белгілі болды. Жалпы, құжатта халықаралық қақтығыстар тақырыбы қозғалған жоқ. Декларация негізінен экономикалық және сауда әріптестігін дамыту мәселелеріне бағытталған.

Comments