Қырым көпіріне тағы бір шабуыл жасалды

117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AvS5iJHkVWUkBj15Re81qU4PiDGPXB80YfwGHaTd.webp

Фото: Airbus/Vertical 52

Қырым түбегін Ресеймен жалғайтын Қырым көпірінде қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ға сілтеп. 

Бұған көпірге жасалған кезекті шабуыл себеп болған. Бұл туралы түбектің «басшысы» Сергей Аксенов 19 қарашаға қараған түні Telegram-арнасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір шабуыл салдарынан келген залал бағаланып жатыр.

Telegram желісіндегі Exilenova+ арнасының мәліметінше, көпірге қайтадан зымыранмен соққы жасалған. Ал «Крымский ветер» арнасы жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап, нысанға екі зымыран тиген болуы мүмкін екенін хабарлады. Болжам бойынша, соққылар көпірдің теміржол бөлігіне бағытталған.

Айта кетейік, бұл – бір апта ішіндегі Қырым көпіріне жасалған үшінші шабуыл. Бұған дейін Украина қарулы күштері 16 және 17 қарашада көпірге соққы жасағаны хабарланған еді. Алғашқы шабуыл кезінде шамамен 100 ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылған. Екінші шабуылда дрондармен қатар «Нептун» және «Фламинго» зымырандары пайдаланылғаны айтылды.

Comments