Белгілі айтыс ақыны, сөз зергері Әсия Беркенова өмірден өтті. Қаралы хабарды ақын Серікзат Дүйсенғазы таратты, деп хабарлайды “Адырна”.
Әсия Беркенова 1950 жылы 22 сәуірде Қостанай облысы, Әулиекөл ауданының Сұлукөл ауылында дүниеге келген.
1982–1983 жылдары Қостанай облыстық айтыстарында оза шауып, 1984 жылы Алматыда өткен Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған республикалық айтыста бірінші орынды иеленді.
Әсия Беркенова – Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Ресей және Қазақстан ақындары қатысқан халықаралық айтыстың жүлдегері. Қазақстанның халық ақыны, «Құрмет» және III дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері.
Related news
OMIR SYNYBEKULY: If the head of state does not take care like Konayev himself, the danger will increase...
