Дуровтың ағасы үйленді. Қалыңдығы – қытайтанушы

302
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fLy1RN6KCGIKvmDESBMX5dDyRyO97ftVKSwN8P3A.jpg

Фото: https://t.me/bazabazon

Telegram мессенджерін жасаушылардың бірі Николай Дуров алғаш рет отбасын құрды. Оның таңдауы Қытай және халықаралық геосаясат саласында маманданған Александра есімді әйелге түскен. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ұл баласы дүниеге келген. Бұл туралы «База» басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Басылым дерегінше, 45 жастағы Николай Дуров 34 жастағы, Челябі қаласының тумасы Александрамен некесін Дубайдағы Ресейдің бас консулдығында ресми тіркеген.

Александраның білімі филология саласымен байланысты. Ол Қытай және халықаралық қатынастарды зерттейді, қытай және ағылшын тілдерін меңгерген. Қазіргі уақытта француз және испан тілдерін де үйреніп жүр. Бұған дейін Ресейдің Шанхайдағы бас консулының көмекшісі әрі аудармашысы қызметін атқарған.

Сонымен қатар Александра студент кезінде халықаралық ғылыми ортада белсенді болған. Челябі мемлекеттік университетінде білім алып жүрген жылдары Шанхайда өткен ғылыми конференцияға қатысып, Қытай, Ресей және АҚШ-тың Орталық Азиядағы геосаяси мүдделері туралы баяндама жасаған.

Айта кетейік, Николай Дуров – математик, бағдарламашы және Telegram мессенджерінің техникалық негізін қалаушылардың бірі. Ол платформаның қауіпсіз байланыс жүйесінде қолданылатын MTProto хаттамасын әзірлеген.

Дуров математикадан халықаралық олимпиадалардың үш дүркін алтын жүлдегері атанған. Сондай-ақ бағдарламалау бойынша әлем чемпионатында екі рет жеңіске жеткен.

Николай Дуров көпшілік алдына сирек шығады. Ол інісі Павел Дуровқа қарағанда медиадан алшақ жүріп, негізінен Telegram жобасының техникалық дамуына көңіл бөледі.

Comments