Зеленский Путинмен Мәскеуден ббасқа жерде кездесуге дайын екені айтылды

256
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HmlpohrrJ8jCsL86UQHbK1P4cx6pdBEGWgoMY8x9.webp

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуге дайын, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы Украинаның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Андрей Мельник айтты.

Оның айтуынша, кездесу мүмкіндігі туған жағдайда Украина президенті желтоқсан айында Флоридада өтетін G20 саммиті аясында немесе әлемнің кез келген басқа елінде келіссөз жүргізуге әзір. Алайда Мәскеуде кездесу өткізілмейтінін атап өтті.

Андрей Мельник Украина тарапы тіпті Антарктидада кездесуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар ол Владимир Путин Украина халқының қарсылығын еңсеріп, елді капитуляцияға мәжбүрлей алады деген қате түсінікте екенін айтты.

Comments