Металлургия зауытындағы жарылыстан қаза тапқандар саны артты

270
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/160VX7RLCnp4JMzwQE5oKOLzkloEoskdmJIcyYJh.webp

Түркияның батысындағы Измир қаласына жақын орналасқан металлургия зауытында жарылыстан қаза тапқандар саны артты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ВВС-ге сілтеп. 

Оқиға салдарынан кемінде 17 жұмысшы қаза тауып, тағы 12 жұмысшы жарақат алды.

Билік өкілдерінің мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығы – Алиага қаласындағы ірі болат өндіруші кәсіпорындардың бірі «Хабаш Демир Челик» зауытының жұмысшылары.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаларда кәсіпорын аумағынан өрт шығып, аспанға қою түтін көтерілгені көрінеді.

Жергілікті губернатор Сүлейман Эльбанның айтуынша, жарылыс түскі уақытта болған. Жаңа қазандықты тасымалдап бара жатқан кран құлап, оның үстіндегі материалдар төменде орналасқан пешке түскен. Салдарынан жарылыс болған.

Ал зауытты басқаратын компания өкілдері апат кәсіпорындағы электр доғалы пештердің біріне жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде болғанын айтты. Оқиға куәгерлерінің сөзінше, жарылыс кезінде жер қатты сілкінген. Тіпті, кейбір тұрғындар бастапқыда мұны жер сілкінісі деп ойлаған.

Измир губернаторы Сүлейман Эльбан үйінді астында әлі де адамдар болуы мүмкін екенін айтты.

 

Comments