Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты. Бұл туралы 8 қарашада Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді»,– делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Польша премьер-министрі қаладағы атысты «теракт» деп атаған еді.
Related news
