Vietjet Qazaqstan әуе компаниясының бірнеше бағыттағы рейсі ұшақтың құстармен соқтығысуына байланысты кешіктірілді, деп хабарлайды “Адырна”.
Оқиға 4 қарашада болған.
Әуе кемесі Қызылордадан Астанаға бағыт алған IQ426 рейсін орындау кезінде құстармен соқтығысқан. Осыдан кейін ұшаққа қосымша техникалық тексеру жүргізу қажет болған.
Салдарынан аталған рейстің ғана емес, әуе компаниясының өзге бағыттар бойынша ұшатын бірнеше рейсінің де кестесі өзгерген.
Vietjet Qazaqstan өкілдерінің мәліметінше, барлық қажетті техникалық шара авиациялық қауіпсіздік пен әуе кемелерін пайдалану талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр.
Әуе компаниясы рейстер кестесін мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылдап жатқанын хабарлады. Сондай-ақ жолаушыларға ұшу уақыты туралы ақпаратты алдын ала ресми арналар арқылы тексеруге кеңес берді. Қажет болған жағдайда тасымалдаушы өкілдеріне жүгінуге болады.
President's order: 22 schools should be built within the framework of the "Comfortable School" project
