Астанада креативті индустрия өкілдерінің форумы өтеді

175
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lLvsliC2c2qCpr1Z51zyL8FILZTeX0qHOUhCwaQm.webp

Фото: Shutterstock

2026 жылғы 5 желтоқсанда Астанада PR ROOM ұйымдастыратын Креативті индустрия форумы өтеді. Сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін жалғасатын шарада іс-шараларды ұйымдастыру, маркетинг, PR, кино, музыка және заманауи медианы дамыту мәселелері талқыланады.

Форумға Comic Con, Astana Concert, Freedom QJ League, Almaty Open ATP 250, Mega Silk Way және Freedom Holding Corp. компанияларының өкілдері қатысады. Олар ірі іс-шараларды ұйымдастыру, билеттерді сату, серіктестер тарту және жобаларды қаржыландыру тәжірибесімен бөліседі.

Сондай-ақ кәсіби қауымдастықтарды дамытуға арналған сессиялар ұйымдастырылады. Онда PR ROOM негізін қалаушы Айнұр Байғожа, Freedom Holding Corp. өкілі Нина Нурамбекова және басқа да мамандар өз тәжірибелерін ортаға салады.

Бұдан бөлек, кино, музыка, YouTube-та контентті ілгерілету, маркетинг пен PR бағыттары бойынша арнайы кездесулер өтеді. Форум спикерлері қатарында режиссер Жандос Құсайын, актриса Айнұр Ниязова, Tolqyn Film Fund PR-директоры Науат Айтуғанова, Genesis CSP директоры Заңғар Бозтаев және басқа сала мамандары бар.

«Заманауи медианың бүгінгі келбеті: «Адырна» порталының мүмкіндіктері» тақырыбы да жеке талқыланады. Бұл сессияда ұлттық медианың мүмкіндіктері мен даму бағыттары сөз болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум креативті индустрия мамандарына тәжірибе алмасып, кәсіби байланыс орнатуға және жаңа жобаларды талқылауға мүмкіндік береді.

Іс-шараға қатысу ақылы.

Comments