20 қазанда Алматыдан Павлодарға ұшқан FlyArystan әуе компаниясының рейсі ұшып шыққан әуежайға оралды. Ал кері бағыттағы рейс тоқтатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Компанияның мәліметінше, бұған Павлодар әуежайында әуе кемесін мұздануға қарсы өңдеу мүмкіндігінің болмауы себеп болған.
«Ұшу барысында Павлодардағы ауа райы болжамы нашарлап, жауын-шашын күтілді. Мұндай жағдайда әуе кемесі ұшар алдында міндетті түрде мұздануға қарсы өңдеуден өтуі қажет. Павлодардан қауіпсіз ұшып шығу мүмкін болмайтын жағдайдың алдын алу мақсатында әуе кемесін Алматыға қайтару туралы шешім қабылданды»,– делінген хабарламада.
FlyArystan рейстердің қайта басталуы туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.
Related news
