Қазақ спортшылары әлем чемпионатында жеті медаль жеңіп алды

161
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AtfEjw3SSa1C6NzvlKWi1nAcdZgLPQ9C8Y5YOqKz.webp

Қазақстан құрамасы Лас-Вегаста өткен әлем чемпионатында жеті жүлде иеленді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Әлем чемпионаты күрес түрлері бойынша 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтті. 

Жүлденің үшеуі – алтын, біреуі – күміс, үшеуі – қола.

Еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мерей Базарбаев әлем чемпионы атанды.

Грек-рим күресінен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) пен Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды. Ал Темирлан Турдақын (87 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ грек-рим күресінен Арсен Жұма (55 келіге дейін) мен Джохар Узаров (130 келіге дейін) қола медаль еншіледі.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Comments