Фото ЖИ-мен жасалған
Әнші Жазира Байырбекова «Әгугәй» ансамблінің жеке театрын ашу мақсатында ұшағын сатылымға шығарғанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, ұшақты сатудан түскен қаражат ансамбльдің жеке театрын ашуға бағытталмақ.
«Театрын ашу үшін самолетімізді сатамыз деп шештік. Алғысы келетіндер @aguqai_ansambl-дің парақшасына тіркеліңіздер!» – деп жазды әнші.
Жарияланымда әуе кемесінің бағасы 16 миллион АҚШ доллары деп көрсетілген.
Related news
