Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі Ресей аумағындағы Нордовый аралының біртіндеп құрлықпен тұтасуына әкеліп отыр. Аумағы шамамен 63 гектар болатын арал алдағы жылдары материктің бір бөлігіне айналуы мүмкін. Бұл туралы SHOT Telegram арнасы жазды, деп хабарлайды "Адырна".
SHOT мәліметінше, Кизляр шығанағында орналасқан Нордовый аралы соңғы жылдары жағалауға жақындай түскен. Теңіз суының шегінуінен таяз бұғаздар кеуіп, арал мен құрлықтың арасындағы жаңа жер телімдері пайда болуда. Соңғы бес жылда Каспий теңізінің деңгейі шамамен 1,5 метрге төмендеген.
Жарияланым авторларының болжамынша, егер су деңгейі қазіргі қарқынмен төмендей берсе, алдағы 20 жылда теңіз тағы 4–5 метрге тартылуы ықтимал. Мұндай жағдайда Нордовый аралы құрлықпен толық қосылады. Бұдан бөлек, өзге аралдар да біртіндеп құрлыққа айналып, олардың орнында жаңа түбектер мен жер аумақтары пайда болуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, соңғы 4–5 жылда Каспийдің солтүстік бөлігінде теңіз суының шегінуіне байланысты жаңа құрлық аумақтары қалыптаса бастаған. Мұндай өзгерістер Каспий итбалықтары мекендейтін Құлалы, Морской, Святой, Подгорный, Үшарал, Маякшыққан және Долгий аралдарының маңында да байқалып отыр.
Attack in Lebanon. The Ministry of Defense provided an update on the condition of Kazakh peacekeepers
