“Қызыл аймақтан” шығарылған ЖЭО туралы не белгілі?

242
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QsRNeBVRbT7fbzOA2lsCR0PeUetjOhY31U9Blv2P.jpg

Фото ЖИ-мен жасалған
Премьер-министр Олжас Бектенов Балқаш жылу электр орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Үкіметтің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде станса апатты «қызыл аймақтан» шығарылған. Биыл негізгі жабдықтарды жөндеуге бөлінген 3,2 млрд теңге көлеміндегі жұмыстар толық аяқталды.

Қазір жалпы құны 30,3 млрд теңге болатын №5 қазандық агрегатын салу жұмыстары жалғасып жатыр. Негізгі жабдықтарды монтаждау аяқталған. Қазандық цехының ғимараты мен отын беру тракты салынды. Сондай-ақ заманауи газ тазарту жабдығын жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Жоба іске қосылғаннан кейін орталықтың бу өндіру қуаты сағатына 270 тоннаға артады. Келесі кезеңде құны 28,7 млрд теңге болатын №5 турбоагрегатты орнату жоспарланған. Бұл стансаның электр қуатын 65 МВт-қа, жылу қуатын сағатына 55 Гкал-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны 2028 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

Comments