Астанада сауда базарының алдында 47 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна”.
Оқиға 7 қазан күні кешкі уақытта болған.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Алдын ала болжам бойынша, оның жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болған.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға орнына келген медицина қызметкерлері әйелді өлі күйінде тауып, биологиялық өлімін тіркеген. Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Related news
After the noise. A new temporary head has been appointed to the "Shanyrak" children's village institution
