Қазақстан мегаполистерінде жанармай бағасы бірнеше айлық тұрақтылықтан кейін қайта өсе бастады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Баға өзгерісі Алматы, Астана және Шымкенттегі ірі жанармай құю бекеттерінде байқалған.
Ең көп қымбаттағаны – дизель отыны. АИ-92 бензинінің бағасы да кейбір бекеттерде өскен.
Алматыда АИ-92 литрі 251–252 теңгеге дейін қымбаттаған. Дизель 348–351 теңгеден сатылып жатыр. АИ-95 бағасы 321–328 теңге аралығында.
Астанада АИ-92 бағасы 245–253 теңге, АИ-95 – 312–315 теңге. Жазғы дизель отынының бағасы 338–343 теңгеге жеткен.
Шымкентте АИ-92 литрі 234–236 теңге, АИ-95 – 304–307 теңге, дизель отыны 340–348 теңге тұрады.
Салыстырмалы түрде, АИ-92 мен дизель бағасы шамамен 4–6 теңгеге өскен.
Related news
