Тарихи оқиға. Астанада УЕФА Суперкубогы өтеді

123
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/WbOPQQRjRV5qyY7JtdZBR2WMUXLXNVSzH3AO5d8S.webp

Астанада 2028 жылы УЕФА Суперкубогының финалы өтеді, деп хабарлайды "Адырна".

Матч елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. 

Ұйымның шешіміне сәйкес, 2027 жылғы Суперкубок Нидерландтың Амстердам қаласындағы Йохан Кройф Аренада ұйымдастырылады. Ал 2028 жылғы турнир Қазақстанда өтеді.

«Астана Арена» бұған дейін Еуропаның беделді клубтық жарыстарына қатысқан. Атап айтқанда, стадионда «Астана» футбол клубы 2015/16 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойындарын өткізген.

Бұл Қазақстан тарихындағы УЕФА Суперкубогы алғаш рет өтетін жағдай болмақ.

Сонымен қатар УЕФА 2028 және 2029 жылдардағы бірқатар еурокубок финалдарының алаңдарын бекітті. 2028 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Мюнхенде, Еуропа лигасының финалы Бухарестте, Конференция лигасының финалы Туринде өтеді.

2029 жылғы Чемпиондар лигасының финалы Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында ұйымдастырылады.

Comments