Бейжің көрген биотехнолог. Президенттің кенжесі әскерде жүр

206
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vXlkfHKlEIsReexbSS5L0m2VQfqwSeJ8t4riJhD7.png

Беларусь президенті Александр Лукашенко кіші ұлы Николайдың қазір әскер қатарында қызмет етіп жүргенін айтты, деп хабарлайды "Адырна". 

«Николай қазір армияда ең күрделі бөлімшеде қызмет етіп жүр», – деді Александр Лукашенко.

Беларусь президенті бұл туралы әскери салаға қатысты жиын барысында айтты. Кездесуде ол армияның жауынгерлік әзірлігін, соның ішінде жұмылдыруға дейінгі деңгейін тексеру қажеттігін айтқан.

Николай Лукашенко – Александр Лукашенконың үш ұлының кенжесі. Беларусь президентінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, ол Острошицко-Городок орта мектебін тәмамдаған. Хоккей, музыка және шет тілдеріне қызығушылық танытады.

Николай Лукашенконың нақты қай әскери бөлімде қызмет етіп жүргені айтылған жоқ.

Айта кетейік, екі ай бұрын ол Пекин университетін «Биотехнология» мамандығы бойынша тәмамдап, диплом алған еді.

Comments