Қауіпсіздік кеңесіндегі меңгерушілерді де Президент тағайындады

214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gCoJ2bleMCTcoDqB4brOzt9CRfbt1Lfml7QXIIkK.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының төрт меңгерушісін тағайындады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімімен Александр Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Расул Оразғұлов Қауіпсіздік кеңесі аппаратының Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Ол да бұрынғы лауазымынан босатылды.

Марат Аймашев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол бұған дейінгі қызметінен босатылды.

Ерлан Байтұқбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппараты Хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, 11 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппараты туралы ережені бекіткен болатын. Сондай-ақ Президент Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттіктерін айқындады.

Comments