Кешкі алтыдан соң ұстаздар хабарламаға жауап бермеуі мүмкін

117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mGvhUnK6zvbOuZv34mKXXhI7snMRE8hd7gsjAizR.jpg

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ата-аналарды мұғалімдердің жеке уақытына құрметпен қарауға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оның айтуынша, ата-аналар чаттарындағы негізгі сұрақтар жұмыс уақытында, яғни кешкі сағат 18:00-ге дейін қойылуы керек.

Министрдің сөзінше, педагогтарды жұмыстан тыс уақытта артық мазаламауға қатысты жаңа талап енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

«Біздің ұстанымымыз нақты: ата-аналар чаттарында сағат 18:00-ге дейін сұрақтар қоюға болады деп есептейміз. Ал 18:00-ден кейін әр мұғалімнің жеке өмірі бар және оны құрметтеу қажет. Биыл "Педагог мәртебесі туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Онда мұғалімнің сабақ уақытындағы және сабақтан тыс уақыттағы міндеттері, сондай-ақ мектептегі және оқу процесіндегі жауапкершілігі нақты көрсетілді», – деді оқу-ағарту министрі.

Дегенмен, мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін қоңырау шалуға немесе хабарлама жазуға тікелей тыйым салатын норма әзірге заңда қарастырылмаған.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, педагогтердің міндеттері биыл «Педагог мәртебесі туралы» заңға енгізілген өзгерістер арқылы нақтыланған. Ал жұмыстан тыс уақытта ата-аналардың мұғалімдермен байланысу тәртібі тараптардың өзара келісімі арқылы белгіленуі мүмкін.

Related news

Comments
Related news