5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

262
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xt0RzCDB5Gn64LcGJlXRdsROWU3WJvqMCqwykZdb.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалды
5 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл күн қазақ ағартушысы, ғалым әрі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай белгіленген.

Қазақстанда Тілдер күні алғаш рет 1998 жылы бекітілген. Бастапқыда мереке 22 қыркүйекте өткен.

Ал 2017 жылы Үкімет қаулысымен мерекені 5 қыркүйекке ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ретінде бекітілді.

Қазақстан халқы тілдері күні – еліміздегі барлық этностардың тілдері мен мәдениеттеріне құрметті дәріптейтін айтулы күн.

Comments