Алматы облысының Талғар ауданында Құлжа тасжолының бойында пластик бұйымдар шығаратын цехтан өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ жазды, деп хабарлайды "Адырна".
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жұмылдырылды. Жедел штаб құрылып, су үздіксіз беріліп жатыр. Өрт сөндіру жұмыстары үш жауынгерлік учаскеде жүргізілуде. Жалынды ауыздықтауға алты су оқпаны берілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт оқшауланды.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Related news
