Астанада Өзбекстан азаматы, халықаралық қатынастар профессоры Иқболжон Қорабоев тыңшылық жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы BBC-дің өзбек қызметі хабарлады.
46 жастағы Иқболжон Қорабоев 3 шілдеде Астанадағы үйінен ұсталған. Ол Мақсұт Нәрікбаев университетінде халықаралық қатынастар пәнінен сабақ берген.
Профессорға Қазақстан Қылмыстық кодексінің 176-бабы («Тыңшылық») бойынша күдік келтірілгені хабарланды. Алайда құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Күдіктің нақты негіздері де ресми түрде жарияланбаған.
Related news
