Академик Мұхтарбай Өтелбаев «Парасат» орденімен марапатталды

304
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qeFk04buDiHZSkUhZMbR32IdC3bLroeLjdlXQsHh.webp

26 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстанға сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар педагогті мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Олардың қатарында академик Мұхтарбай Өтелбаев та бар. Белгілі математикке «Парасат» ордені берілді.

Мұхтарбай Өтелбаев  – физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, «Математика және математикалық модельдеу институтының» бас ғылыми қызметкері.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін өзге де педагогтер марапатталды. Атап айтқанда, бірқатар ұстаз «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен наградталды.

«Құрмет» орденімен Орал қаласындағы «№ 3 «Зерде» бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі Урнгалиева Зуря,  Солтүстік Қазақстан облысындағы «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мұғалімі Шерстобитова Марина марапатталды. 

«Ерен еңбегі үшін» медалі Павлодар облысының Екібастұз қаласында орналасқан «№5 жалпы орта білім беру мектебі» КММ мұғалімі Амерқанова Гүлбаршын, Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы № 2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ Ахметова Ақмарал, Жаңаөзен қаласындағы  «№ 24 мектеп-лицей» КММ мұғалімі Әлибаева Балмия, Түркістандағы «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ мұғалімі Далмырзаев Сәкен, Жамбыл облысындағы «Сәкен Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектеп» КММ мұғалімі Кенжебекова Мереке,  «Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы жоғары аграрлық - технологиялық колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері Коровин Андрей, Абай облысындағы «Жарбұлақ орта мектебі» КММ мұғалімі Нұрпейісова Гүлмира, елордадағы  «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ мұғалімі Төлегенов Мақсат және Жетісу облысындағы  «Нұрым мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» КММ мұғалімі Уәлибаева Айнагүлге табысталды.

«Шапағат» медалімен марапатталғандар:

Герасева Ирина Михайловна – «А.М.Горький атындағы гимназия» КММ мұғалімі, Қостанай облысы;

Ляшова Ақерке Ермекқызы – «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы;
Мырзабекова Жанна Қонысбекқызы – «№ 1 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ мұғалімі, Ұлытау облысының Ұлытау ауданы. 
 
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алғандар:

Ещанова Тамара Жеткербайқызы – «А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Алматы облысы;
Жұмахметова Жанар Бейбітқызы – «Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы;
Исмаилов Қайрат Төлегенұлы – «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Қарағанды қаласы;
Ноғайбаева Гүлнар Төленқызы  – «А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» МКК мұғалімі, Шымкент қаласы;
Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы – «Әл-Фараби атындағы № 201 мектеп-лицейі» КММ мұғалімі, Қызылорда облысының Жалағаш ауданы.

Comments