Дрон өндіретін ірі компанияның бас директоры қамауға алынды

101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2yTKDLNDFjQiIzhCxtaGHwduKVXjxl3VG7Irr56u.jpg

Ресейдің Тула қаласында ғылыми-өндірістік ұшқышсыз авиациялық жүйелер орталығы «ТулаДрон» компаниясының бас директоры Евгений Григорьев қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы caliber-ге сілтеп.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдік келтірілген. Сот 14 тамызда Григорьевті екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған. «ТулаДрон» ғылыми-өндірістік орталығын құруға 1 миллиардтан астам рубль жұмсалғаны хабарланды.

2025 жылы Тула облысының губернаторы Дмитрий Миляев орталықтың Ресейдегі ұшқышсыз жүйелер саласындағы ең ірі он ғылыми-өндірістік орталықтың біріне айналатынын айтқан.

Сол жылы қаңтарда «ТулаДрон» Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігінен ұшқышсыз әуе жүйелер технологияларын дамыту саласындағы сынақтар мен құзыреттер бойынша ғылыми-өндірістік орталық мәртебесін алған.

Қазір Евгений Григорьевке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.

Comments