Тас жолда газ құбыры мен жүк көлігі өртенді

100
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/l9CFdADsSaBjJHkFRfgZztskvrPdGP6aSDx1FiXN.jpg

Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Қаратөбе тас жолында газ құбырында өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оқиға туралы хабарлама 25 тамызда «112» пультіне түскен. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, газ құбырында жүк көлігі мен бұрғылау жабдығы жанған.

Қазір газ беру тоқтатылды.

ТЖМ қызметкерлері газ құбырын салқындатып, өртті сөндірді. Сондай-ақ жалынның жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Comments