Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Дауыс беруге 9 351 539-дан астам адам қатысты. Бұл – сайлаушылардың жалпы санының 74,08 пайыз»,– деп түсіндірді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Алдын ала есеп бойынша, қазақстандықтардың дауысы партиялар арасында мынадай түрде бөлінген:
«Әділет» партиясы – 71,17 пайыз;
«Ауыл» партиясы – 6,26 пайыз;
Respublica – 5,56 пайыз;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 5,21 пайыз;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,11 пайыз;
Қазақстан халық партиясы – 3,11 пайыз;
«Байтақ» жасылдар партиясы – 1,07 пайыз;
«Барлығына қарсымын» – 2,1 пайыз.
Осылайша сайлауға қатысқан жеті партияның бесеуі бес пайыздық межеден асып отыр.
