Қосшыдағы төрт сайлау учаскесінде жәрмеңке ұйымдастырылды

149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4kXUxrwNyvXKXBUqPQMnAlx3QKNkPXUS7fpiwLZR.jpg

Сайлау күні Қосшы қаласындағы төрт сайлау учаскесінде жәрмеңке ұйымдастырылып, тұрғындарға жергілікті өндірушілер мен кәсіпкерлердің түрлі өнімдері ұсынылды.

Сауда қатарларынан көкөніс пен жеміс-жидек, сүт және ет өнімдері, сондай-ақ мектепке қажетті кеңсе тауарларын сатып алуға мүмкіндік болды. Осылайша тұрғындар сайлау учаскесіне барумен қатар, қажетті тауарларын да тиімді бағамен алуға мүмкіндік алды. Ал жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін қала тұрғындарына таныстырып, тұтынушылармен тікелей байланыс орнатты.

«Жәрмеңкені тұрғындарға барынша пайдалы әрі қолайлы етіп ұйымдастыруға тырыстық. Мұнда қажетті азық-түлік, мектепке қажетті заттар және жергілікті өндірушілердің басқа да өнімдерін сатып алуға болады. Кәсіпкерлер үшін бұл – өз тауарларын таныстыруға жақсы мүмкіндік. Ал тұрғындар үшін сайлау учаскесінің жанынан қажетті заттарын сатып алу өте ыңғайлы», – деді ұйымдастырушылар.

Жәрмеңкелер сайлау күні қалада ұйымдастырылған іс-шаралардың бір бөлігіне айналды. Сауда алаңдары тұрғындардың өзара араласуына, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және отандық өнімдерге деген сұранысты арттыруға қосымша мүмкіндік берді.

Сайлау күні ұйымдастырылған мұндай бастамалар тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, жергілікті кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді алаңына айналды.

Comments
Other materials