TikTok-тағы тексеру. Қыз болып киінген ер адам қамауға алынды

130
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dyXURkkt2rKEvPa09aEKcSkCbRvxkywiEy8lqzzL.jpg

Қарағандыда қыз болып киініп, TikTok әлеуметтік желісінде әдепсіз әрекеттер жасаған Еркен Жантықпаев 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қарағанды облысының полиция департаменті ақпарат таратты.

Полиция аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылдап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды сотқа жолдаған. Сот қаулысымен Еркен Жантықпаевқа 10 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, ресми ескерту жасалды.

Полицияның хабарлауынша, қазір азамат әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жойған. Сонымен қатар құқық қорғау органдары тарапынан оған қатысты бақылау жалғасып жатыр.

«Ескерту талаптарын қайта бұзған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес неғұрлым қатаң жауапкершілік қарастырылуы мүмкін», – деді полиция.

Comments