Алматыда қоғамдық көліктің ішінде жанжал шығарған ер адамдар ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Төбелеске қатысушылардың әрекетіне принципті құқықтық баға беріледі. Мұндай агрессивті әрі қоғамға қауіпті әрекетке жол берілмейді. Кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаланады»,– делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін №33 автобуста ер адамдар арасында жанжал туындағанын жазған едік.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
