Нигерияның солтүстік-батысындағы Сокото штатында адамға лық толы қайық аударылып, салдарынан кемінде 40 бала көз жұмды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Апат 20 тамыз күні таңертең болған. Қайықтағы жолаушылардың басым бөлігі күріш жинау науқанына бара жатқан жасөспірімдер болған.
«Қазіргі уақытта шамамен 40 баланың мәйіті табылғанын растай аламын», – деді Ұлттық ішкі су жолдары басқармасының өңірлік менеджері Абдулкадир Юсуф.
Сүңгуірлер қаза тапқандардың денелерін судан шығарып жатыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.
Еске салсақ, осыған ұқсас апат биыл қаңтар айында Нигерияның солтүстік-шығысындағы Йобе штатында тіркелген еді. Сол кезде қайық аударылып, 25 адам қаза тапқан.
Related news
