Ұлытау облысында 25-тен астам әлеуметтік және инженерлік жоба қолға алынды

187
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zw8gvdWbvjBfOgbMInrBnuWoSs3OY5Jl97g9YzeB.jpg

Президент тапсырмасы бойынша Ұлытау облысында 25-тен астам ірі әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобалары жүзеге асырылады. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен сұхбат барысында мәлімдеді.

Үкіметтің қолдауымен өңірде әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 25-тен астам бірінші кезектегі жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жұмыстары басталды. Аталған жобалар ұлттық компаниялар және ірі бизнес өкілдерімен бірлесіп іске асырылады.

Өңірдің стратегиялық серіктестерінің бірі – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС. Облыс әкімдігі мен корпорация арасында Жезқазған қаласында заманауи теннис орталығын салуды және 6 мың көрерменге арналған жаңа жабық футбол стадионын жобалауды көздейтін меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімінің айтуынша, жаңа спорт нысандары тұрғындарға, әсіресе балалар мен жастарға спортпен шұғылдануға қосымша мүмкіндіктер береді.

Comments
Other materials