Бүгін, 19 тамызда Арыс гарнизонына қарасты әскери бөлім аумағында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға сағат 19:00 шамасында болған.
«Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Жағдай бақылауда. Өрт ошағы оқшауланды, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.
Related news
