Танымдық контентке сұраныс артты. Qazaqstan телеарнасының үш жобасы көш бастады

176
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ShxMIiHNldwXMWwyFSAqyMz4ml4ty6jQyLKPduIE.jpg

Соңғы уақытта отандық телекөрермендердің талғамы өзгеріп, танымдық маңызы бар сараптамалық жобаларға деген сұранысы артты. Еліміздегі саяси және қоғамдық өзгерістер тұсында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының бірқатар бағдарламасы аудитория жинау жағынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Әсіресе, көрерменнің ықыласына бөленіп, өсім көрсеткен үш негізгі жобаны бөле-жара айтуға болады: 

«Әлем және біз» – әлемдік саясаттың Қазақстанға әсерін талдайтын жоба. Сәуірдің ортасынан бері аудиториясы 1,5 есе өсті.

Халықаралық жағдайдың ушығуы, соның ішінде АҚШ пен Иран арасындағы текетірес, Ормуз бұғазындағы ахуал, мұнай бағасы мен осындай шырғалаң замандағы дипломатиялық саясат эфирде егжей-тегжейлі талданады.

«Ізгілік формуласы» азаматтық  жауапкершілік пен игі істерді насихаттайды. Жақсылық жасау деген тек біреуге үй салып беру немесе қаржылай көмектесумен шектелмейді. Ізгіліктің формуласы өте көп.

Бағдарлама қоғамға пайдасын тигізіп жүрген қарапайым азаматтарды үлгі етеді  әрі Президент ұсынған «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттарымен үндеседі. Маусымның соңынан бері аудиториясы екі еседен астам артты. 

«Qazaq Creative» – креативті индустрия мен ұлттық әлеуетті танытатын жоба. Мамыр соңында эфирге шыққан бағдарламаның аудиториясы шілдеден бері 2,5 еседен астам өсті. 

Мәдени кәсіпкерлік пен отандық өнердің экономикалық әлеуетін ашып көрсететін хабар көрерменнің, әсіресе жастардың үлкен қызығушылығын тудырды. 

Телеарна жобаларының аудиториялық өсімі еліміздегі ауқымды саяси және қоғамдық өзгерістер кезеңінде орын алды. Бұл халықтың тек күнделікті жаңалықтарды тамашалап қана қоймай, елдің болашағы мен дамуын, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарды көрсететін терең мазмұнды бағдарламаларға басымдық бере бастағанын айқын дәлелдейді.

Comments