Хуситтер Сауд Арабиясындағы энергетикалық нысандарға шабуыл жасады

86
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pr768rKUGSCCoOF10Vg4hF7aekM0fv7tyCWb6jix.jpg

 

Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылым нысандарының біріне шабуыл жасалып, өрт шықты. Оқиға елдің шығысындағы Джубайль қаласында болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна".

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылды Йемендегі Иран қолдайтын «Ансар Аллах» қозғалысы – хуситтер жасаған. Жергілікті дереккөздер энергетикалық нысандардың бірінде қуатты жарылыс болып, кейін өрт шыққанын хабарлаған.

Сауд Арабиясының Энергетика министрлігі мемлекеттік мұнай компаниясы Aramco-ның Жизан қаласындағы нысандарының біріне шабуыл жасалғанын растады.

Ведомство мәліметінше, жексенбі күні таңертең нысанда шыққан өрт бақылауға алынып, өрт сөндірушілер тарапынан толық сөндірілген. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Шабуылдың нақты қандай қарумен жасалғаны және нысанға қаншалықты залал келгені әзірге нақтыланбаған.

Оқиға Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасында қауіпсіздік жөніндегі келісімге қол қойылғаннан екі күн өткен соң болды.

Сауд Арабиясы бұған дейін де хуситтердің зымыран және дрон шабуылдарына ұшыраған. Аймақтағы қақтығыстардың күшеюі Таяу Шығыстағы энергетикалық инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылықты арттырып отыр.

Comments
Other materials