Астана қаласының ПД TikTok платформасынан балағат сөздер қолданған 19 жастағы қызды анықтады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылық бойынша жиналған материалдар сотқа жолданған.
Сот қаулысына сәйкес, қызға әкімшілік айыппұл салынды.
Астана қаласының полиция департаменті «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатқанын хабарлады.
Заң талаптарын бұзған тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Related news
After the noise. A new temporary head has been appointed to the "Shanyrak" children's village institution
