Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауына кандидат ретінде тіркелді

80
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/w2F0T2eZlahaUshL1yl5gT9VxhSB1Vj49AOYm0Qx.jpg

Шешен Республикасының қазіргі басшысы Рамзан Қадыров өңір басшысын сайлауға кандидат ретінде ресми тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Шешен Республикасы сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады. Сайлау комиссиясының мәліметінше, Рамзан Қадыровтың кандидатурасын «Бірыңғай Ресей» (Единая Россия) партиясының Шешен өңірлік бөлімшесі ұсынған.

Ведомствоның хабарлауынша, сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарап, Қадыровты Шешен Республикасы басшысы лауазымына кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылдаған. Осылайша, Рамзан Қадыров алдағы өңір басшысы сайлауына ресми түрде қатысатын кандидаттардың қатарына енді.

Comments