Биыл Моңғолияда ел бойынша 17 миллион бас мал төлдеп, нәтижесінде 16,8 миллион төл алынды. Алдын ала бағалауға сәйкес, қазіргі таңда елдегі жалпы мал басы 78 миллионға жеткен. Бұл туралы МОНЦАМЭ агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
2025 жылдың соңында жүргізілген мал санағының қорытындысы бойынша елде 58,09 миллион бас мал тіркелген еді.
Өңірлер бойынша ең көп мал Батыс өңірдің бес аймағында – 13,7 миллион бас және Хангай өңірінде – 13,6 миллион бас. Ал ең аз мал Орталық өңір аймақтарында тіркелген, мұнда мал саны 5,5 миллион басты құрайды.
Related news
